jasqazaq.kz

Шымкент: Ғабит Сыздықбеков қаланы аралап, нақты тапсырмалар берді

14 тамыз 2024, 15:39

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласының инфрақұрылымын жақсартып, дамыту бағытындағы жұмыс бір тоқтамайды. Асфальт төсеуден жасыл желекті суаруға дейін шаһар басшысы өз қадағалап, жиі тексереді. Мұндайда жергілікті тұрғындармен кездесудің маңызы зор.

Осы аптада да Ғабит Сыздықбеков «Достық» шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді тыңдады. Кездесу барысында әкім асфальт төсеу, ішкі орам көшелерін жарықтандыру және қоғамдық көлік бағытын оңтайландыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жауапты мамандарға тұрғындармен бірге көшелердің тізімін жасап, оны алдағы жоспарларға енгізуді тапсырды.

Шаһар басшысы сондай-ақ Бәйдібек би мен Алпысбаев көшелерін қосу жұмыстарының барысын бақылады және Әл-Фараби алаңындағы жол қозғалысын ұйымдастыру жоспарымен танысты.

Бұдан бөлек, әкім Еңбекші ауданының Елшібек батыр көшесінде салынып жатқан саябақтың құрылыс жұмыстарын тексерді. Мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды және жасыл желекті суару жүйесіне баса назар аударуды тапсырды.

Қала әкімі тұрғындарының мәселесін тыңдағаннан кейін, Әл-Фараби ауданындағы «Фосфоршылар» мәдениет сарайы ғимаратының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта ғимаратты бұзып, оның орнына жаңа мәдениет сарайын салу жобасы іске асырылып жатыр. Айналасында саябақ, аллея, субұрқақ пен заманауи ойын алаңдарын құру арқылы аумақты абаттандыру жоспарлануда. Еске салсақ, жуырда бұл ғимарат жеке меншіктің қолынан қала
Сонымен қатар шаһар басшысы «Теріскей» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығын тексеріп, азаматтарды басқару органын – жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құруға шақырды.

Аралау соңында қала басшысы 4-ші шағынаудандағы жаңа саябақ құрылысына арналған аумаққа барып, бұрынғы автотұрақ пен қоқыс алаңының орнында иесіз жерді абаттандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі