jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше жандардың қолөнер көрмесі өтті

24 қазан 2024, 12:00

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік сала қызметкерлері күні. Осы күнге орай Шымкент қаласының арбат алаңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және  әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын мүгедектігі бар қарттар және балалармен әлеуметтік қызметкерлердің бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдары қойылды.

Қала тұрғындары қарапайым заттардан, түрлі-түсті етіп жасалған әшекей бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар, ағаш және керамикалық ыдыс-аяқтар, заманауи күміс және бедерлі әшекейлер, қолдан жасалған ойыншықтар, тастан жасалған қазақ белгілері бар әшекейлер және тағы басқа бұйымдарды тамашалап, тәнті болды.

«Әлеуметтік қызметкер – бұл жай ғана мамандық емес, ол адам күйіне бей-жай қарамайтын, жаны ашық және жүрегі мейірімді адамдарға лайықты кәсіп. Бұл өзінің жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз қамқорлығы арқылы қарт адамдарға қызмет ететін, ерекше жандарға баға жетпес көмек көрсететін жандар. Қазан айының соңғы демалыс күні әлеуметтік қызметкерлер күні. Осы күнді жоғары деңгейде өткізу мақсатында осы іс-шараны өткізіп отырмыз. Қалада 17 орталық бар. Бүгін сол орталықта қызмет алушыларымыздың еңбек терапиясы кезінде жасаған жұмыстарымен қала жұртшылығын таныстырғымыз келді», — деді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

Шымкент қаласында қазір 17 түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарға арналған орталықтарда 2000-ға жуық әлеуметтік қызметкер бар. Олар қамқорлыққа мұқтаж жандардың денсаулығын тіктеп, олардың еңбекке араласуына, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Шымкенттегі әлеуметтік орталықтар жұмысы бүгінде өзге өңірлерге үлгі болып отыр.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі