jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше балаларды дамытуға арналған семинар өтті

04 маусым 2024, 13:23

Біздің елімізде ерекше балаларға қолдау көрсетуге зор мән беріледі. Бұл бағытта Шымкент қаласындағы сауықтыру орталықтары да қарқынды жұмыс жүргізіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілік ортада болып, басқа балғындармен араласуына мүмкіндік жасау, оларға моральдық және материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде түрлі жобалар іске асырылуда. Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Монтессори-әдістемедегі ерекше бала және оған көзқарас» тақырыбында семинар-практикум шаһардағы «Оқушылар сарайы» базасында өтті.

Семинарға «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Bambini-Монтессори» ЖШС құрылтайшысы, БҰҰ Қазақстан қауымдастығының төрағасы, дәрігерлер және нейропсихологтар қатысты.

Семинарда «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова: Дамытушы ортасы – Монтессори педагогикасындағы басты элемент – ересектерді толықтай қайталауы тиіс. Баланың жетілуі «ойыншық» нәрселерге емес, нағыз шынайы заттарға ықпал етеді. Ол ыдыс, қорап, бөтелке, қиқым, моншақ, қағаз – біз күнделікті өмірде кездестіретін барлық зат. Соған сәйкес, осы нәрселермен үлкендер не істесе, балалар да соны істейді: кеседі, тігеді, моншақ құрайды, ыдыс жуады, еден сүртеді. Осы істермен шұғылдану баланы өз бетімен жүріп-тұруға тәрбиелейді, томпиған бала өз жағдайын өзі жасап, өзін өзі бағалауын қалыптастырады. Одан бөлек бала физикалық заңдылықтарды түсініп, санасына сіңіреді: судың аққыштығы, құмның сусымалылығы, әйнектің сынғыштығы. Ең бастысы – әртүрлі пішіндегі және түрлі құрылымдағы ұсақ-түйек нәрселермен ойнау баланың ұсақ мотрикасын жетілдіреді, ал моторика баланың ойлау жүйесі мен сөйлеу қабілетінің түп негізі»,- деді.

Семинар барысында «Құрсақтағы инфекциялар. Сөйлеуінің бұзылу себептері мен салдары», «Ерекше балаларда математикалық дағдыларын дамыту және мектепке дайындық», «Сөйлеу тілінде қиындық бар балалармен логопедиялық сабақ жүргізу тәсілдері», «Монтессори музыка арқылы сөйлеуді дамыту» және тағы басқа өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды.

Қазақстан Монтессори қоры алдағы уақытта білім беру мекемелеріндегі арнайы педагогтерді практикадан өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

JQ-Aqparat

Cуреттер:Шымкент қаласы Білім басқармасы

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін