jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше балалар қосымша біліммен қамтылады

06 сәуiр 2023, 11:11

Шымкентте жаңадан ашылған «Қамқорлық» орталығында балалармен жұмыс істеу үшін орталықтың 36 маманы «Қамқорлық қоры» мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға осындай орталықтың ашылғанына ата-аналар қуанышты. Өйткені, мұндай ерекше балалар бұған дейін оңалту орталықтарында 3 ай емделіп, ары қарай өз кезегін күтетін болған. Ал, жаңадан жұмысын бастаған мекемеде келгеннен 18 жасқа дейін емделіп, қосымша біліммен қамтылады. 5 жастағы баласын осы орталыққа әкеліп жүрген Ләйла Мұсалы перзентінің осындай бар жағдай жасалған, білікті мамандар шоғырланған мекемеде 18 жасқа дейін емделетініне қуанышты.

–Біздің балаларымыз өзге балғындар секілді балабақшаға, мектепте білім ала алмайды. Қоғамдық орындарда да адамдардың мүсіркеп, жақтырмай қарайтынын көріп жүрміз. Тіпті, өзге балалар сияқты аулада ойнауға мүмкіндік жоқ. Өйткені, барлығы денсаулығы қалыпты балақайларға арналған. Олар тек осындай арнайы орталықтарда ғана еркін ойнап, мамандардан білім алады. Бұған дейін қырауар қаржыға ақылы мекемелерде ем алдық. Мемлекеттен қаржыландырылатын ақысыз орталықта 3 ай ғана емделіп, тағы ақылы жерге барамыз. Бүгінгі ашылып отырған «Қамқорлық» орталығында емделу мерзімі қысқа демей, «ақысын қалай төлейміз» деп уайымға салынбай, баламды алаңсыз 18 жасқа дейін күніне жарты күн ем қабылдауға әкелетін болдым. Осы орталықтың ашылуына ұйытқа болған барлық демеуші қорларға көп рақмет, — деп Л.Мұсалы өз қуанышымен бөлісті.
Емнің сәтті өтуіне қызметкерлердің дайындығы мен кәсібилігі ғана емес, шыдамдылығы мен сүйіспеншілігі де әсер етедіүлкен рөл атқарады. Орталықтың штаттық құрылымында 92 орын болса, қазір 62 маман балалардың дамуы жолында қызмет етіп отыр. Балаларды дамытудың нормативтік құжатына сәйкес, мамандар негізінен корекциялық сағаттарға көбірек мән береді екен. Қазірдің өзінде 18 маман озық елдердің методикасы негізінде біліктілік курсында шыңдалған.
— Әлеуметтік саланың стандарты бойынша психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға қосымша білім беруде бір маманға 6 бала сай келеді. Ата-аналардың көбі мұндай стандартқа наразылығын білдіріп отыр. Өйткені, «бір ата-ананың өзі жалғыз балаға әрең әлі келіп отырғанда, бір маман 6 баланы қалай игереді?» деген сұрақ туындап жатыр. Балаларымыздың ерекшелігін ескерген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осы мәселе төңірегінде жұмыс тобын құрып, осындай балалардың біліммен қамту жөнінде арнайы методика жасап жатыр. Ал, корекциялық бағытта бір балаға 3 қызметкер, яғни дефектолог, психолог және тәрбиеші бекітіледі. Орталықтың ресми ашылуына дейін екі ай бойы осында келген 13 жастағы бала өмірінде алғаш рет дыбыс шығарып, бүгінде сөйлеуге талпынып, айтар сөзін әртүрлі дыбыстар арқылы жеткізетін болды. Әр баланың титтей жетістігі біз үшін үлкен жеңіс,- дейді «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы орталықтың директоры Гүлнұр Сауытбаева.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата