jasqazaq.kz

Шымкент: Энергетикалық инфрақұрылым кешенін дамытуға арналған келісімге қол қойылды

27 қыркүйек 2024, 11:35

Шымкент қаласының Ғабит Сыздықбеков энергетикалық жүйені тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Ыдырысовпен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Екіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, электр көлігі инфрақұрылымын жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Биыл меморандум аясында қалада алғашқы электр қуаттау станциясы орнатылады. 2026 жылға дейін олардың санын онға жеткізу жоспарланып отыр.
Энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және қаланың жаңа шағынаудандарында өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін қуаттылығы 80 МВт жаңа төмендету қосалқы станциясы салынады
Сонымен қатар, 336 км тарату желілерін қайта құру, 139 трансформатор бекетін жаңарту, 50 трансформаторды ауыстыру және үш қосалқы станцияда релелік қорғанысты жаңарту жұмыстары атқарылады.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй құрылысын бастау да жоспарланған.
Меморандум аясындағы жобаларды жүзеге асыру қала экологиясын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және энергетика секторына қосымша инвестиция тартуға елеулі үлес қосады.
Кездесу соңында «Біз үшін Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету аса маңызды. кіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, электр көлігі инфрақұрылымын жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Биыл меморандум аясында қалада алғашқы электр қуаттау станциясы орнатылады. 2026 жылға дейін олардың санын онға жеткізу жоспарланып отыр», -деді әкім.
Меморандум аясындағы жобаларды жүзеге асыру қала экологиясын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және энергетика секторына қосымша инвестиция тартуға елеулі үлес қосады.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде