jasqazaq.kz

Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 7 елдімекенге ауыз су беріледі

30 сәуiр 2023, 11:00

Жыл соңына дейін сапалы ауыз су мәселесі толық шешімін табады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас елдімекендеріне су құбырлары тартылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Исфиджаб» тұрғын алабын ауызсумен қамтитын компания анықталуда.

Есептік кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарын инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы ауқымды жобалармен таныстырды. Ауданның ауызсумен қамтылу көрсеткіші қазір 94 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін сапалы ауыз су мәселесі толық шешімін табады. Қазір Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік шағынаудандарын табиғи газбен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.

Газдандыру жұмыстары 2025 жылдың соңында толық аяқталады. Былтыр аудан аумағындағы 9 елдімекендегі 2 мыңнан аса абонентке электр желісі тартылды. Қазір Қарабастау Жаңақұрылыс, Исфиджаб шағынаудандарын сапалы жарыққа қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігіне бүгінде инженерлік жүйелер тартылған. Жергілікті халықтың 94,5%-ы ауыз сумен, 98,3%-ы электр жарығымен, 90,7%-ы табиғи газбен қамтылған.

Аудандағы өзекті мәселенің бірі — кәріз жүйесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ұлағат шағынауданында басталған кәріз құрылысы жыл соңына дейін аяқталап, жүйелер толық іске қосылады.

Жұлдыз тұрғын алабындағы 27 көпқабатты тұрғын үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары да өндірістік кестеге сай жүргізілуде. Жоспарға сәйкес мамыр айында пәтерлерді абоненттеу жұмыстары басталады. Кездесу барысында аудан әкімдері мен сала басшылары азаматтар тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап берді. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға халықтың талап-тілектерін дер кезінде орындап, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі