jasqazaq.kz

Шымкент: Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды

19 қараша 2024, 14:24

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылады. Осы жобаға сәйкес, 2021 жылдан бері тұрғындар өздері ұсыныс жасап, жергілікті бюджеттің қалыптасуына атсалысып жүр.

Мәселен, өткен жылы тұрғындар ұсынысы ескеріліп, 27 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Биыл 47 көп қабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекенжайда балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланды. Қазіргі таңда соның он бірі аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды. Қалғандарында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ 2025 жылға абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру жоспарлануда.

Аудан тұрғындарын спорт алаңшаларымен қамтамасыз етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға да ауданда бар жағдай жасалып келеді. 2022 жылдың қорытындысымен спорт алаңшалар саны 107 болды. Қала аумағында жаңа «Тұран» ауданының ашылуына байланысты Еңбекші ауданы аумағынан Әл-Фараби ауданы әкімшілік шекаралық аумағына 58 ашық спорт алаңшалары тапсырылды. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 ашық спорт алаңшалары орналасқан. Өткен жылы 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.

Ал бұқаралық спортты дамыту мақсатында 8 спорттық алаңша жұмысы қолға алынғанү Бүгінде оның үшеуі тапсырылған. 5 алаңшада жұмыстар жоспарлы жүргізілуде.

Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарланған болатын. Ол үшін мердігер мекемелермен келісімшарттар түзіліп, қазіргі кезде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылды.

Тұран ауданында ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы (73,1%) — асфальт, 158,38 шақырымы (21,6%) — тас, 38,76 шақырымы (5,3%) — топырақ.

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2021 жылы 4 магистралдық және қала ішінде 53 көше асфальтталып, жөнделсе, 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтті.

Биыл ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланса, бүгінгі күні 24 көшеде жұмыстар аяқталды. Қалған көшелерді асфальттау үшін мердігер мекемелер анықталды. Жұмыстар 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 23 көшеге ұзындығы 10,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды.

JQ-Aqparat

23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт