jasqazaq.kz

Шымкент: Экопарк құрылысы басталды

22 қазан 2024, 14:09

Шымкент: Экопарк құрылысы басталды
Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында тұрғындарға арналған демалыс аймақтары көп. Дегенмен үлкен қалада тағы бір сондай аумақ ашылса, артығы жоқ. Сондықтан бұрынғы қоқыс полигонын желегі жайқалған экологиялық баққа айналдыру – тиімді шешім.
Сөйтіп қаланың Достық шағын ауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады. Оның 38,6 гектары көгалдандырылады.
Экопарк құрылысына тек табиғи материалдар, яғни ағаш пен тас пайдаланыланылатын айтқан жөн. Сондай-ақ мұнда велосипед жолдары да салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі, яғни бұл құбырлар келушілерге кедергі келтірмейтіндей етіп біріктіріледі.
Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам ағаш отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады.


Экопарк құрылысына 5 млрд теңге құйылады. Ал бас демеушісі — Hexo Foundation. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған. Барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылады.
Биылғы көктемнен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000 метр қоршаудың 500 метрі орнатылды.
Экопарк белсенді демалуға арналған тоғыз аймақты – ойын алаңдарынан спорттық нысандардан тұрады. 10 шақырымдық жаяу жүру жолының бойына 4 мыңнан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, қалалық ортада табиғи оазис атмосферасы жасалады.
Алаңды қауіпсіз пайдалану үшін қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты төселеді. Көмірқышқыл газын шығару құбырлары көмірқышқыл газының жиналуын болдырмай, жайлы ортаны қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, журналистермен кездесуде саябақтың атауы талқыланған болатын. Демеушілер тарапынан Silk Way нұсқасы ұсынылды. Алайда қатысушылар басқа шешімді қолдады.
«Журналистерден сұрап көрейік, қай атау жақсы?» деп сауал тастады Ғабит Сыздықбеков.
Баспасөз өкілдері бірауыдан: «Экопарк!» деп жауап берді. Шаһар басшысы журналистердің таңдауын қолдады.
Ғабит Сыздықбеков Экопарк экологиялық жобаға айналып қана қоймай, шаһар тұрғындарына белсенді демалыс сыйлайтын орынға айналатынына сенімді екенін жеткізді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі