jasqazaq.kz

Шымкент: Е-Salyq Business мобильді қосымшасын 32 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланады

30 маусым 2023, 18:03

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Салық кодексі әзірленетіні айтылған. «Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ең түйткілді тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға тиіс. Сондай-ақ жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру керек», деген болатын. Бұл әдіс салық төлеушілерді салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдеткді.

Президенттің тапсырмасын орындалу барысын баяндау үшін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов баспасөз брифинг өткізді. Спикер салықтық түсімдердің орындалуы, уәкілетті органдармен іс-қимыл негізінде бекітілген жол картасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер бойынша баяндама жасап, журналистердің сұрағына жауап берді.

Қалада биыл 5 айдың көлемінде бюджет қазынасына 212,4 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 109 %-ға артығымен жүзеге асқан. Жергілікті бюджет 121 пайызға немесе 22,4 млрд теңге артығымен орындалған.
–Салық төлеушілердің бюджет алдындағы қордаланған қарыздары жыл басында 1,4 млрд теңге құраған. Бүгінгі таңда 490 млн теңге берешек сомалар өндірілді. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі — халыққа сапалы әрі уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету. 43 бағыт бойынша мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде, — деді С.Ешанқұлов.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы іске қосылған еді. Бүгінгі таңда қала бойынша қосымшаны 32 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда. Қосымшаның негізгі мақсаты — жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету. Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін «Е-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы көмегімен бірқатар қызметтер алуға болады.

Сондай-ақ, шаһарда тұрғын үй нысандарын уәкілетті органда тіркету үшін 6785 үй салынған жер учаскесін түгендеу, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру (жер, мүлік салығы) бойынша хабарлама жіберу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее