jasqazaq.kz

Шымкент: Дүниежүзілік тазалық күнінде қала тұрғындары белсенділік танытты

20 қыркүйек 2024, 17:34


Дүниежүзілік тазалық күніне орай бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда, «Орманшы» тұрғын алабында шағын «Таза жағалау» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып, қоршау, орындықтарды сырлап шықты. Аталған іс-шарадан кейін аулалардың өңі өзгеріп, айнала мұнтаздай таза болып шыға келді.
Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков: «Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс.Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін», – дейді.


«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.
Сондай-ақ бүгін Дүниежүзілік тазалық күнінде Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай шағын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Олар А-2 айналма жолының бойын тазалап, аумақты ретке келтірді.
Тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды:
«Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, – дейді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмейді. Шымшаһарда тұрақты түрде өткізіліп келеді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде