jasqazaq.kz

Шымкент: Дендросаябақта бос жұмыстар жәрмеңкесі өтті

21 тамыз 2025, 14:49

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік білім беруді реформалаудың маңыздылығын 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін айта келе: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», — деді.

Биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай, Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынысымен және «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Абай ауданындағы Дендросаябақта өтті.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – тұрғындарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік белсенді шаралары жөнінде кеңінен ақпарат беру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату.

Іс-шарада мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып, түрлі саладағы 20-ға жуық мекеме жүздеген бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен бірге өңіраралық қоныс аудару бағдарламасы түсіндіріліп, Павлодар облысынан келген делегаттар сол өңірдегі бос жұмыс орындарын таныстырды.

Жәрмеңке қорытындысында 80-нен астам азаматқа ақпараттық буклеттер таратылды. 38 тұрғынға «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы орнатылып, онлайн оқу мен тіркелу жолдары көрсетілді. 40-тан астам азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, олардың 36-сы тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ 7 азамат жастар практикасына, 4 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды, 14 азамат қысқа мерзімді оқуға жіберілді.

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөніндегі ақпараттар әлеуметтік желілер арқылы да тұрақты түрде насихатталуда.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті