jasqazaq.kz

Шымкент: «Дәстүрлі тәрбие – сапалы білім» атты ғылыми конференция өтті

17 сәуiр 2023, 16:39

Жиынға қатысушылар оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Бүгін Шымкент қаласы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына орай, «Дәстүрлі тәрбие – сапалы білім» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған жиында арнайы шақырылған қызы Гүлнар Манапқызы сөз сөйлеп, қонақтарға М.Өтебайұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, колледж алдындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аптал азаматтың өмірі мен өнегесін, жастарды тәрбиелеудегі орнын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, ұстаздық жолы мен түрлі салалар бойынша атқарған жұмыстарын дәріптеу мақсатындағы іс-шара тағылымы мол ұстазды еске алумен басталды.

– Манап Өтебайұлының өнегелі ісі бізге, келешек ұрпаққа да өнеге. Меценаттығы, жетімді жебеп, қомқор болуы кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Колледждің мәртебесін көтеріп, материалдық-техникалық базасын заманауи құралдармен жабдықтап, шәкірттері үшін жаны шырылдап жүретін, – деді жиында сөз алған қоғам қайраткері, ардагер-ұстаз Сайлаукүл Барақова.

Жиынға қатысушылар оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасымен танысып, М.Өтебайұлының өмірі туралы бейнебаянды тамашалады. Колледж студенттерінен құралған домбыра оркестрінің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды.

Конференцияда баяндамашылар М.Өтебайұлының жастарды рухани құндылықтарға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған еңбектері туралы баяндады.

Айта кетейік, Өтебаев Манап Өтебайұлы — «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі», «Құрмет белгісі», «Парасат» орденінің иегері және өңіріміздің Құрметті азаматы. Ол өз ортасында дара тұлғаға айналған, жұлдызы жарық, біртуар қазақтың азаматы болатын. Сондай-ақ, Манап Өтебаев еліміздегі түрлі қайырымдылық іс-шаралардың ұйымдастырушысы әрі демеушісі ретінде бүкіл республикаға кеңінен танылған.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата