jasqazaq.kz

Шымкент: «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шарасы жалғасын тапты

07 мамыр 2023, 11:46

Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды. Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Аталған шараның мақсаты — оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу. Іс-шара барысында сала қызметкерлері жастарға техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шарасының ережелерін түсіндірді. Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды.

Атап айтсақ: –100 метр қашықтыққа жүгіру; –белгіленген уақыт көлемінде автомат құралдарын, шашып жинақтау; – алғашқы жәрдем көрсету. Сайыс нәтижесінің қорытындысы бойынша, №49 мектеп бас жүлдеге ие болды. Ал, №29 мектеп жүлделі бірінші орынға, №75 мектеп II орынға жайғасты. №3 мектеп үшінші орынды иеленді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясының жастары арасында «Dala battle» тақырыбы аясында әскери-патриоттық іс-шарасы өткен болатын.

Аталған іс-шараға Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, білім беру ұйымында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған дәріс оқыды. Сондай-ақ, табиғи және өзге де техногенді апаттар кезінде педагогтар мен оқушыларды қорғауға қатысты іс-қимылдар жөнінде түсіндірді. Өрт сөндіру жұмысын практикалық негізде көру мақсатында оқушылар арнайы тактикалық оқу-жаттығуларынан өтті. Онда жедел шақыртылым кезеңіндегі саптық жиын мен өрт сөндіру барысындағы жедел іс-әрекет кезеңдері көрсетілді. Сонымен қатар, оқу жаттығуларына белсене ат салысқан оқушылар жастар ресурстық орталығы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі