jasqazaq.kz

Шымкент: Бюджетті жоспарлау һәм инвестиция

12 шiлде 2024, 18:54


Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкент қаласын дамыту бағытында осы уақытқа дейін біраз жобалар қолға алынып, өз жемісін беруде. Дегенмен алдағы уақытта атқарылатын шаруа әлі де жетерлік. Сондықтан қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында алға қойылған міндеттер талқыланды. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешетін шығындарға басымдық берілмек. Жалпы нақтылау нәтижесінде, мегаполис бюджетінің көлемі қазіргі 735 млрд теңгеден 764 млрд теңгеге дейін артатын болды.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы О.Әбілхайыр қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, маңызды шешімдер қабылданды.


Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарын өзекті мәселелерді шешуде азаматтармен кездесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Шымкент сияқты ірі мегаполисті дамыту үшін қомақты инвестиция керек екені белгілі. Бұл мәселені шаһар басшысы өз бақылауында ұстайды. Ғабит Сыздықбеков осы жолы шетелдік инвестор «Guyi Holding Company» өкілдерімен кездесті. Кездесу Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтар қорытындысы бойынша өтті.
Бұл компания Шымкентте электромобиль шығаруға арналған ірі инвестициялық жобаны қолға алмақ. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, электромобиль құрастыру өндірісін іске қосу, сырлау және дәнекерлеу цехын салу және қосалқы бөлшектер шығаруды қамтиды.
Сонымен қатар, осы компания қаланы көгалдандыру және тұщы су ресурстарын кәдеге жарату жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Ғабит Сыздықбеков кездесуде холдинг басшылығына қаламызға қызығушылық білдіргені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мегаполистің инвестициялық әлеуеті мен инвесторларға жасалып жатқан жағдайға тоқталды.
«Әр инвестициялық жоба біз үшін өте маңызды және өз кезегінде бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», -деді шаһар басшысы.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық