jasqazaq.kz

Шымкент: Бос орындар жәрмеңкесінен «екі қолға – бір күрек» табылады

07 тамыз 2025, 13:25

Қоғамда масылдық дертінің дендеп, тамыр жайып кетпеуіне жол бермес үшін «екі қолға – бір күрек», яғни жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешкен абзал. Осы мақсатта елімізде жұмыспен қамтуға арналған түрлі бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Шымкент қаласында да бұл саладағы көрсеткіштер ауыз толтырарлық. Мәселен, жұмыс іздегендер жандарға септесу үшін жиі ұйымдастырылатын бос орындар жәрмеңкесінің пайдасы зор.

Күні кеше Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен қалалық прокуратураның бірлескен бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы іс-шара аясында салалық басқармалар, аудан әкімдігі, полиция және прокуратура өкілдері қала тұрғындарына көшпелі қабылдау өткізді.

Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші мен Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Enbek.kz порталындағы екі мыңнан астам тұрақты және субсидияланатын уақытша бос жұмыс орындарын ұсынды.

Сонымен қатар Арнайы кеңес беру бұрышында Мансап орталығының мамандары жұмыспен қамту шаралары — кәсіптік оқыту, қайтарымсыз гранттар, солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару, мемлекеттік бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналастыру және Enbek.kz порталының мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Жәрмеңке аясында жұмысқа жолдама алған тұрғындардың бірі — Бақтияр Сейдуллаев. Ұзақ уақыттан бері жұмыс іздеп жүрген ол осы іс-шара барысында көңілінен шыққан жұмыс орнын тапқанын айтып, ризашылығын білдірді.

Жәрмеңкеге зор үмітпен келген тұрғын: «Жәрмеңке туралы әлеуметтік желідегі хабарлама арқылы біліп келдім. Қазір осы жерден «ЮГ Plastik.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа жолдама алдым. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», — деп қуанышымен бөлісті.

Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында да заңгерлік қызметке жолдама алған жас маманның әкесі Ақылбек Ақанбаев ұлының жұмысқа орналасқанына өз ризашылығын білдірді.

Ол: «Ұлым биыл жоғары оқу орнын аяқтап, дипломын алды. Бүгінгі жәрмеңке арқылы заңгерлік қызметке жолдама қолына тиді», — дейді.

Бұл жолы жәрмеңкеге жалпы 100-ден астам азамат келіп, кеңес алды. Соның нәтижесінде 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасады.  21 азамат субсидияланған жұмыс орындарына, оның ішінде «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары арқылы, ал сегіз адам кәсіптік оқытуға жолданды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания