jasqazaq.kz

Шымкент: Біздің мекен — болашаққа бастар жол

06 маусым 2024, 13:13

Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайы жаз айларында жұмысын тоқтатпай, тұрақты келушілердің орнына уақытша үйірмеге қатысушыларды қабылдайды. Шымкент қаласы білім басқармасы мәлімдегендей, №2 Оқушылар сарайы жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша есептік концертін өткізді.

«Біздің мекен – болашаққа бастар жол» деп аталған концерттік бағдарлама аясында оқушылардың жыл бойы жасаған жұмыстары, әр түрлі салада жеткен жетістіктері көрсетіліп,көпшілікке таныстырылды.

Концерттің ашылуы №2 Оқушылар сарайының жас барбаншыларының әуенді композициясымен басталып, өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Асқар Молдабек, Лазиз Сүлейманов, Шымкент қаласы «Дарын» орталығының директоры Раушан Джеренова, Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов, №2 Оқушылар сарайының қамқоршылық кеңесі, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары және БАҚ өкілдері, ата-аналар қатысты.
Іс-шара барысында Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектептің фойесінде Оқушылар сарайының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде қолөнер, қыш үйірмесінің заттары, көркем сурет, ағаш, робототехника, смартроботехника, гидропоника, КИП автоматика, 3D моделдеу, экология, биотехнология, физика, химия соңғы заманауи үлгідегі құрылғылар виар очки, лапороскопия сынды үйірмелерде оқушылардың жасаған бұйымдарын келушілер тамашалады. Ауқымды іс-шараға 500-ден аса оқушы атсалысты.
Жиын соңында жыл бойы атқарған еңбегі мен жетістігі үшін ұстаздар Шымкент қаласы мәслихатының, білім басқармасының, «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар Оқушылар сарайында гитара, қуыршақ театры, саксофон, флейта, таеквандо, шахмат, асық ату, волейбол, компьютерлік сынып, экология, гидропоника, бағдарлама жасау, сенсорикалық кабинет, дефектолог, фото-бейне өңдеу үйірмелері бар.

Спорт және сауықтыру бойынша 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Таэеквандо, шахмат, еркін күрес, тоғызқұмалақ, грек-рим, каратэ-до, бассейн, дзюдо, үстел теннисі, футбол, асық ату, волейболл, кикбоксинг, фитнес-зал. Ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 (физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника. lego құрылысы, химия. Айта кетейік, №2 Оқушылар сарайында 5000 ға жуық оқушы білім алады. Олар 6 бағыт бойынша 62 үйірмеде өздерінің қабілеттерін шыңдауда.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Білім басқармасы

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство