jasqazaq.kz

Шымкент: Биыл Тассай шағынауданы табиғи газбен қамтылады

03 сәуiр 2023, 17:40

Шымкент қаласында инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, табиғи газбен, электр қуатымен, ауыз сумен қамту, көгалдандыру мен абаттандыру бағыттарына басымдық беріліп отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тассай шағын ауданын инженерлік инфрақұрылым жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.

Қазір елдімекенге табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған. Инфрақұрылым жұмыстарына 60 адам, 12 техника жұмылдырылып отыр. 68,8 шақырымды құрайтын газ жүйелерінің құрылысы толық аяқталғанда 3 мыңнан астам отбасы табиғи газ көзіне қосылады. Жоспарға сай газдандыру, кәріз жүйелерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымды тиісті талаптарға сай жүргізіп, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті.

Еске салсақ, Шымкент қаласы Қаратау ауданда өткен 2022 жылдың өзінде 51 ойын және спорт алаңын салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген еді. Биылғы жылы да Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, өткен жылы 22 көшенің бойына су алу қаупінің алдын алу мақсатында ирригациялық жүйе жүргізілді. Биыл тағы 8 көшеге ирригациялық жүйелер тарту жоспарланған. Еңбекші ауданында қалаға жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған және Айнатас тұрғын алаптарының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Биыл толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2022 жылы Еңбекші ауданында 9 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында электрмен қамтылса, биыл 5 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр екен. Ал, Әл-Фараби ауданына тоқталар болсақ, өткен 2022 жылы Сәуле шағын ауданы мен Текесу елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде ауданда ауыз су мәселесі толығымен шешіліп отыр. Оған қоса өткен жылы Ақтас-2 елді мекені мен 195 орамда газ құбыры тартылды.

Өткен жылы Шымкент қаласы Абай ауданында Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігі сапалы электр қуатымен, Асар-2 шағын ауданы ауыз сумен, Ынтымақ шағын ауданы мен Көкбұлақ тұрғын алабы табиғи газбен және Самал-3 шағын ауданы кәріз жүйесімен қамтылды. Жаңадан құрылған Тұран ауданында Ақтас және Жаңаталап елді мекендерінің аумағы 2022 жылы толығымен газдандырылды. Биыл Айкөл елді мекеніне табиғи газ құбыры тартылады деп жоспарланған.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата