jasqazaq.kz

Шымкент: Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 96%-ға жетеді

20 сәуiр 2023, 16:06

2022 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 50-і табиғи газбен қамтылған.

2023 жылы Шымкент қаласы бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызға жеткізіледі. 2022 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 50-і табиғи газбен қамтылған. Ал, биыл қалған 6 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Олардың қатарында Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық бар. Нұртас шағын ауданына жеткізуші газ құбыры және Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталды.

Одан бөлек, Нұртас шағынауданындағы газ құбырының құрылысы 2023 жылы аяқталады. Биыл Арғымақ және Ақтас елді мекендері де табиғи газбен қамтылатын болады. Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады. Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жеткізіледі. Ал, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылы бітеді.

Айта кетейік, Абай ауданы 2024 жылы толық табиғи газбен қамтылады. Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең, Бозарық 74 га, Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. Қазір халық саны 11 мыңнан астам Асар-2 шағынауданын газдандыру жұмыстары 70% аяқталды. Ұзындығы 24,1 шақырым газ құбырының құрылысы толық аяқталғанда мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылады. Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура