jasqazaq.kz

Шымкент: Бірлікке бастайтын бастамалар

14 қараша 2024, 12:16

Шымкентте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді мақсат тұтқан республикалық лекторий Аймақтық инновациялық университет базасында жалғасуда.

Лекторийде модераторлық жасаған қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бірлікке бастайтын байсалды бастамалар қоғамды біріктіретінін айтты. Келер жылы құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынастар саласында маңызды институтқа айналғанына тоқталды.

Еліміздегі барша этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және этнос жастары арасында қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді, – деді басқарма басшысы.

Университет оқытушылары мен студенттер алдында этносаясаттың басым бағыттары түсіндірілген лекторийде профессор Тілектес Мейрамов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген саясат аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы маңызды міндеттер туралы лекция оқыды.

Айта кетейік, 13-14 қараша күндері еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған лекторийге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысуда. Екі күнге жалғасқан лекторий бүгін өз мәресіне жетеді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс