jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға бірлік пен татулық насихатталды

13 қараша 2024, 12:10

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратау ауданы, Шымкент аграрлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Студенттермен жүздесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Қаратау ауданы әкімдігінің маманы Қ.Әбілдаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының бөлім басшысы Б.Ахмет, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Т.Байманова арнайы келіп жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, медициналық сақтандыру, кереғар діни ағымдардан сақтану жайлы ақпараттар айтылды.
Кездесу барысында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру жан-жақты мәселелері сөз болды.

«Қаламызда этносаралық жағдай тұрақты. Этномәдени бірлестіктер тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Биыл эносаралық татулықты сақтауда біраз жұмыстар айқындалды. Ендігі кезекте жұмыстарымызды басты ұлттық құндылықтар аясында топтастыру керек. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділеттілік пен жауапкершілік аясында жұмыстар жаңаша серпін алу керек. Жас ұрпақты тәрбиелеуде нақты жобалар әзірленуі тиіс. Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Осыған орай өңірлік іс-шаралар жоспарын дайындау назарда тұр. Шымкент қаласында этномедиация жұмысы да жақсы жолға қойылған. Достық үйі белсенді жұмыс атқаруда. Енді осы жұмыстарды одан әрі қарқынды жалғастыруға тілектеспін, – деді Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев.

Еркін форматта өткен жиында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары сөз болып, Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық сынды құндылықтар жайлы баяндалып, жастармен пiкiр алмасты.

Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер де айтылды. Жиын соңында сұрақ-жауаптарға кезек берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкен қаласы ҚХА баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде