jasqazaq.kz

Шымкент: «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының финалистері анықталды

28 қазан 2024, 12:33

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бизнес-жобасы бар адамға грант беру арқылы шағын кәсіпкерлікті дамытып, ірі кәсіпорындармен әріптестік орнату арқылы қала экономикасының ілгерілеуіне жол ашу. Қала халқының жағдайын жақсартуға, әлеуметтік әлсіз топтардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруға, сол арқылы өз-өзін жұмыспен қамтып, жұмыс орындарын құру үшін мемлекеттік грант жақсы мүмкіндік. Осыған орай, Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының финалистері бойынша арнайы комиссия отырысы өтті. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, комиссия отырысында 19 кәсіпкердің жобалары қаралды.

Конкурстың әділеттілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрамы жасақталып, өтінімдер «Kezekte.kz» электронды ақпараттық жүйесі арқылы қабылданды.

Комиссия құрамына қалалық мәслихаттың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінен құралған.

Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудио және бейне жазба жүргізіліп, комиссия отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы мәслихатының өкілдері арнайы байқаушылар ретінде қатысты.
Конкурста, «Ұлттық нақыштағы жұмсақ ойыншықтармен балаларды таныстыру» жобасы, «Икемді клинкер өндірісі» жобасы, «Тиімді Өріс» атты жобасы және т.б осы сияқты кәсіпкерлер өздерінің ерекше жобаларын комиссия құрамына таныстырып, өз жобаларын қорғады.

Шымкент қаласында өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. Басты мақсат, халыққа қолайлы және экономикаға келер пайдасы болса болғаны.

Елімізде ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін қайтарымсыз гранттар беріледі.
Бүгінде дәл осы өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде