jasqazaq.kz

Шымкент: Білім мен ғылымда әлеуметтік ынтымақтастық нығаяды

10 қазан 2024, 11:53

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Cintana Education делегациясы ресми сапармен келді. Cintana Education президенті Рик Шангроумен кездесуде жоғары білім саласында ынтымақтастықты кеңейту жөнінде әңгіме өрбіді, деп мәлімдеді аталған оқу ордасының баспасөз қызметі.

Университеттің Басқарма Төрағасы Ғ.Бесбаев қонақтарға алғысын жеткізе отырып, оқу ордасының тарихы, білім беру бағдарламалары, халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен таныстырды. Сөз кезегінде Рик Шангроу «Әуезов университеті Қазақстанмен қатар, әлемдік деңгейде академиялық ғана емес, ғылыми-зерттеу бағытында өзіндік беделі бар жоғары оқу орны бар» деп атап өтті.

Әріптестік кездесуде болашақ ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қонақтар университеттің ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалардың мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар оқу ордасында Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохд Адли Абдулла, елші кеңесшісі Мохд Идхам Мохлис Ахмат Замри қонақта болып, екі елдің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Университеттің Басқарма Төрағасы Ғ.Бесбаев қонақтарға алғысын жеткізе отырып, Әуезов университеті Малайзиядағы ЖОО-мен 2011 жылдан бері ынтымақтастықта екенін атап өтті.

–Екі мемлекетте ғылым мен білім саласында 31 түсіністік меморандум түзілген. Астана, Алматы қаласындағы ЖОО-мен ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. Енді Қазақстанның өңірлеріндегі оқу ордаларымен іс-қимыл жобаларын қолға алу ұйғарылды, — деді өз сөзінде Мохд Адли Абдулла мырза.
Тағы бір қуанышты жаңалық академик М.Д. Миллионщиков атындағы Грозный мемлекеттік мұнай техникалық университетінде «Заманауи құрылыс материалдары, технологиялары мен конструкциялары» атты III Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтуде.
Ғылыми-техникалық конференцияның мақсаты – құрылыс индустриясын дамытудың теориясы, технологиясы, әдіснамасы мен практикасының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу.

Конференцияға М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың т.ғ. д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, «Жаратылыстану-техникалық ғылымдар» ҒЗИ директоры Жамбыл Айменов қатысты.

Конференция аясында Грозный мемлекеттік мұнай техникалық университеті Ректоры М.Минцаев пен М. Әуезов атындағы ОҚМУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мұндай уағдаластық екі елдің техникалық ғылымдары мен мұнай ісін одан әрі дамытуда жаңа көкжиектерге жол ашады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкен қаласы М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:31
Реальный результат языковой политики в Созакском районе
Бүгін, 14:15
Туркестан: В Ордабасы запускаются новые инвестиционные проекты
Бүгін, 13:51
Туркестан: Вклад урановой компании в социально-экономическое развитие региона
25 сәуiр, 16:19
Туркестанская область укрепляет стратегическое сотрудничество с иностранными инвесторами
25 сәуiр, 16:05
Налажено сотрудничество по вопросам развития международного аэропорта в Туркестане
25 сәуiр, 15:58
Туркестан: На повестке дня - развитие сферы образования
25 сәуiр, 15:30
Поколение, которое читает книги: в Туркестане интерес к чтению растет
23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов