jasqazaq.kz

Шымкент: Білім беру мекемелерінде «Таза Қазақстан» республикалық акция аясында экологиялық сабақ өткізіледі

18 қыркүйек 2025, 15:40

Шымкент қаласында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жалғасын тауып келеді. Бірегей бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – қаладағы білім беру мекемелерінде осы тақырыпта іс-шаралар ұйымдастыру.

Соған орай, Шымкент қаласындағы мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында ашық экологиялық сабақтар, тәрбие сағаттары мен танымдық кездесулер өткізілуде. Мұндай іс-шараларда балалар мен жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға ерекше көңіл бөлінеді.

Атап айтқанда, № 50, 65 және 135 жалпы білім беретін мектептерде экология, тұрақты өмір салты және табиғатқа ұқыпты қарау тақырыптарына арналған ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығында» жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға эковолонтерлер, экология саласының мамандары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Іс-шараларға жастар ұйымдарының өкілдері, оқушылар мен қонақтар белсене қатысып, өз сөздерінде жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән беруге және экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам құруға үлес қосуға шақырды.

Аталған шараларды ұйымдастыруға қаланың білім беру мекемелері, «Жастар ресурстық орталығы» және қоғамдық экологиялық ұйымдар атсалысты.

Елімізде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты – азаматтарды, әсіресе жастарды қалалық экологиялық бастамаларға белсенді қатыстыру, экологиялық таза әрі тұрақты өмір салтын насихаттау және қоғамда экологиялық сананы дамыту.

Шымкент қаласы әкімдігі 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті