jasqazaq.kz

Шымкент: Басты міндет – елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау

13 қараша 2024, 12:16

Шымкентте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен екі күндік лекторий өтуде.

Этносаралық қарым-қатынастар жайын қаузап, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылайтын іс-шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белсенділері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысуда.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбындағы лекторийге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, мемлекеттік этносаясат аясындағы негізгі басымдықтар туралы айтты.

«Ассамблеяның ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы алда атқарылатын ауқымды жұмыстарды нақтылап берді. Халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтатын негізгі идеологиялық тұжырымдарды айқындады.

Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген ойдамын. Бүгінгі лекторий осы мерейлі міндетті атқару жолындағы бірқатар белестің бір парасы», – деді Сәрсен Абайұлы.

Айта кетейік, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы лекторийде профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев қоғамдық келісімді сақтау және нығайту жайында сөз сөйледі.
Тыңдаушыларға мемлекеттік саясат аясындағы мақсат-міндеттер мен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің маңызды тұстарын түсіндірді.

Лекторий кезінде жалпыұлттық бірлік пен этносаралық диалог қағидаттарын ілгерілету, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру, ксенофобия мен кемсітушіліктің алдын алу мен болдырмау, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың әлеуетін тиімді қолдану жайында оң тәжірибелер айтылып, пайдалы кейстер ұсынылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі