jasqazaq.kz

Шымкент баспанамен қамтуда көш басында

28 маусым 2023, 11:54

Үшінші мегаполисте Мемлекет басышысының тапсырмасына сәйкес, соңғы бес жылда 3 млн. 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып, оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді. Ендігі кезектегі меже — жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн. шаршы метрге жеткізу.

Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінді 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Шымкентте тұрғын үймен қамту бойынша биыл тұңғыш рет өңірлік «Қамқор» бағдарламасы қабылданды.

Шымкентте тұрғын үй құрылысы екі пайызға артқан. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы мәлімдеді.

–Соңғы жылдары Шымкентте тұрғын үй құрылысы саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оның бірден-бір дәлелі 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 млн шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін бекітілген арнайы жоспар бар. Басқарма тарапынан уақытылы, кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ құрылыс саласындағы жайсыз жағдайларды есекере отырып, құрылыс материалдарының сапасы да жоғары талаппен тексеріліп жатқандығын атап өтті. Құрылыс нысандары пайдалануға берілгеннен кейін мердігер тарапынан кеткен ақаулықтар үшін 5 жылға дейін кепілдік беріледі. Тұрғын үйлердің сапасы мен апаттық жағдайларға тұрақтылығы арнайы мамандардың тексеруінен өтеді.

Қазіргі таңда Бозарық шағынауданында Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 54 тұрғын үйдің – 2198 пәтер құрылысы жүргізілуде. 2023 жыл қорытындысымен 49 тұрғын үйді толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал, қалған 5 тұрғын үй келесі жылға өтпелі. Одан бөлек, биылғы жылы 9 инженерлік магистарлды нысанның 5-еуін толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында 2020-2022 жыл аралығында жалпы 16 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Ал биыл жыл соңына дейін 3040 пәтер ел игілігіне берілмек.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее