jasqazaq.kz

Шымкент: Баскетболдан жасөспірім қыздар арасында жарыс өтті

21 мамыр 2024, 20:05

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 86 жалпы орта білім беретін мектебінде Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев атындағы баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында турнир өтті. Бұл жарыс салауатты өмір салтын насихаттау және баскетбол ойынын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатын көздеді. Оған 2011-2012 жылы дүниеге келген қыздар қатысты.

Аса тартысты өткен турнирді Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Гүлдара Нұрымова Данияр Қасқарауов, Ерболат Сатыбалдин, Данабек Исабеков, Наурыз Сайлаубай жә не Қазақстан аналар қоғамдық қоры бірлестігінің кеңесшісі, Бақытжан Айнасқызы тамашалады.

Жарыста №21 Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы, №86 жалпы орта білім беретін мектеп, №89 ІТ мектеп-лицейінің баскетболдан қыздар командаларының арасында қызу бәсекелес ойын болды.

Турнир нәтижесінде қаладағы №86 жалпы орта білім беретін мектептің қыздар командасы бірінші орынды иеленді.  Екінші орын №50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп –гимназиясының қыздар командасына бұйырды.   Ал үшінші орынға №89 IT мектеп –лицейінің қыздары лайық деп танылды.

Оқушы қыздар арасындағы баскетболдан жарысты 18 олимпиадалық резерв мамандандырылған спорт мектебінің директоры Серік Кәрібай, мәдениет салаларының үздіктері Хахмедин Бегімбетов, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Пердебек Дүрментаев, ҚББ спорт бөлімінің басшысы Нартай Күзенбаевтар да қызықтап, тартысты ойындардың куәсі болды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Білім басқармасы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі