jasqazaq.kz

Шымкент: Бала денсаулығына арналған орталық ашылды

03 маусым 2024, 10:41

Бүгінгі бала – ертең еліміздің тұтқасын ұстар азамат, мемлекеттің болашағы. Сондықтан болашақ иелерінің жаны мен дені сау болып өсуі аса маңызды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһардағы “Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық аурухана базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Шаһарда алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.
Балаларды қорғау мерекесіне орай ашылып, жұмысын бастаған орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық емделіп жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңес беру жүргізіледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Қала әкімінің орынбасары ендігі ретте мамандардың біліктілігін арттыру, оқыту нәтижесіне талдау жүргізу маңызды екенін атап өтті.

«Бағдарлама балалардағы ең маңызды ауруларды (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму ортасын қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды. Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайту және бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Ана мен баланың денсаулығын қорғауға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінің кешенді жоспары жүзеге асырылатын болады. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады», — дейді аурухананың бас дәрігері Динара Жұмаділова.
Орталық Аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға алдын ала мынадай көмек көрсетеді.
1) дені сау баланы тууына болашақ анаға және оның отбасы мүшелеріне консультациялар беру, оқыту, қолдау көрсету және дайындау.


2) отбасында тиісті күтімді қамтамасыз ету арқылы зияткерлік әлеуетті толығымен іске асыруды одан әрі дамытуға, бала денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық патронажды бақылау.
3) медицина қызметкерлерінің дағдылары мен білімдерін жақсарту, сонымен қатар ата-аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға тікелей күтім жасайтын өзге адамдарды оқыту үшін балаларға бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдастыру.
Көпшілік жаңадан ашылған орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс барысын аралап көрді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство