jasqazaq.kz

Шымкент: Автомобиль жолдарын бақылау жүйесі енгізіледі

10 қазан 2024, 15:45

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3897 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта қалада Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші, үшінші және төртінші кезеңдер аяқталып, пайдалануға берілді, ал екінші және бесінші, алтыншы кезеңдердің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмыстары да аяқталып, жақын арада автокөлік қозғалысына ашылады.

Қала әкімі А-2 айналма жолын қайта құру барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар сегіз кезеңнен тұрады. Оның ішінде бірінші, екінші және үшінші, төртінші кезеңдері аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл сегізінші кезеңін аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда. Ал бесінші, алтыншы және жетінші кезеңдер келесі жылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Байдібек би даңғылындағы жол қозғалысын оңтайландыру және кептелістерді азайту мақсатында биыл Алтынсарин көшесін қайта құру және Сареми, Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа қоныс, Изенді көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен жолдың құрылыс сапасын бақылау және жақсарту мақсатында Шымкент қаласының автомобиль жолдарын кешенді тексеру және техникалық есепке алу, жол мәліметтерінің электронды базасын құру және жолды бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа зерттеу түрі қала жолдары мен нысандарының техникалық жағдайын талдауға, оларды паспортизациялау мен диагностикадан өткізуге, әрі бұл мәліметтерді жол деректерінің электрондық базасына енгізуге мүмкіндік береді. Автомобиль жолдарын паспортизациялау жол құрылыстарының ұзындығы мен техникалық сипаттамалары, инженерлік жабдықтар мен жол жағдайы туралы объективті мәліметтер алу қолға алынады.

Бұл жобалардан бөлек, Шымкент қаласының көше-жол желісін күтіп-ұстау және жаңғырту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы қолданыстағы көше мен жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары- жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам объектілерін орнату жұмыстары жүргізіледі. Жиын барысында қала әкімі автомобиль жолдарының техникалық жағдайын реттеуге қатысты құзырлы орган басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, жұмыстың оңтайлы жүруін қадағалауды тапсырды.

JQ-Aqprat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды