jasqazaq.kz

Шымкент: Ауыл шаруашылығын қолдауға 12,2 млрд теңге бөлінді

11 маусым 2023, 21:35

Бүгінге дейін оның 10,3 миллиард теңгесі игеріліпті. Қалған қаржы жыл соңына дейін мақсатына жолданады деп жоспарланған. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығын дамытып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға 12,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл бұл жөнінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Еділханұлы брифинг барысында толық тарқатып берді.

Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлініп, оның 10,3 миллиард теңгесі бүгінге дейін игеріліпті. Қалған қаржы жоспар бойынша жыл соңына дейін мақсатына жолданады деп жоспарланған.

–«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы үш компанияның бірігуі арқылы ауылшаруашылығын дамыту бағытында нәтижелі жұмыс атқарып келеді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз тарапынан инвестициялық жобаларды, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын кредиттеу, екінші деңгейлі банктерді, микроқаржылық ұйымдарды, лизингтік компанияларды қорландыру және сақтандыру саласындағы оператор рөлін атқарса, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ микрокредит беруді жүзеге асырады. Ал, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бағдарламаларын жүзеге асырады, — деді төрағаның орынбасары А.Досқараев.

Айта кетерлігі, 2001 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып саналады. Корпорацияның негізігі мақсаты қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Қазақстан бойынша қызмет көрсететін 19 филиал бүгінгі күнге дейін 2,6 триллион теңгеге 271 мың ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жобаларды қаржыландырған. Қазіргі таңда компанияның активтері 1,1 триллион теңгені құрап отыр.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі