jasqazaq.kz

Шымкент: Ауруханада хирургиялық төсек-орын саны артты

13 шiлде 2023, 15:01

Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Шымкент қаласындағы стационарлық жағдайларда хирургиялық көмекті оңтайландыру мақсатында, №2 қалалық ауруханасының хирургиялық төсек орын саны 30-ға дейін ұлғайтылды.

Шымкент қаласындағы №2 ауруханада тәулік бойы науқастарды қабылдап, шұғыл медициналық көмек көрсететін емдеу ұйымы. Дәрігерлердің айтуынша, төсек орны кеңейтілуіне байланысты жедел жәрдеммен келіп түсетін науқастардың саны да көбейген. Мұнан алдын хирургтар аптасына 20 науқасқа ота жасаған болса, қазір аптасына 40 шақты науқасқа хирургиялық көмек көрсетеді. Науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін мұнда дәрігерлер және орта, кіші буын қызметкерлер саны артты.

Айта кетейік, №2 қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінде төменде көрсетілген ота түрлері жасалады. Олар – грыжалар (шап, сан, кіндік, операциядан кейінгі вентральды), лапароскопиялық және дәстүрлі холецистэктомия, лапароскопиялық және кәдімгі аппендэктомиялар, эхинококтомия, өт шығару жолдарының реконструктивтік хирургиясы, ішек стомаларының жабылуы, асқазан мен он екі елі ішектің тесілген ойық жарасын тігу, асқазанның резекциясы, құрсақ қуысының жедел хирургиялық патологиясының себебі болып табылатын іш қуысы мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктеріне операциялар, құрсақ қуысының және кеуде қуысының әртүрлі жарақаттарына арналған және перитонитке арналған операциялар.

Шымкент қалалық №2 емханасы – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және консультациялық-диагностикалық көмекті қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымы. Емханада медициналық көмек барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз ету және оның заманға сай болуы, яғни емделушінің алтын уақытын бағалау және емделушілерге бар мүмкіншілікті жасау мақсатында құрылған «Электронды тіркелу», «Кезексіз емхана» сияқты автоматтандырылған жүйелерін енгізу және жүзеге асыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуіне үлкен ықпал жасауда. Мамандардың жаңа технологиялық бағдарламаларды жоғары деңгейде меңгеруіне, қызметкерлердің білімін үнемі жетілдіріп отыруына үлкен мән беріледі. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында емханада цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, емделушілерге қолжетімді, сапалы медициналық қызмет уақытылы көрсетілуде.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде