jasqazaq.kz

Шымкент — Армения арасында ынтымақтастық байланыс орнатылады

28 шiлде 2023, 16:52

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Армения Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Армен Гевондян, сонымен қатар Қазақстандағы Армения Республикасының бас консулы Анна Вачиянмен ресми кездесті. Іссапардың мақсаты — Шымкент қаласы мен Армения мемлекеті арасында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту. Бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу.

–Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан, мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Армения капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруға ілесуге дайынбыз, — деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап орнатылған. Соның ішінде Шымкент қаласы 1 миллионнан астам халқы бар, инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның үшінші мегаполисі және экономикалық ірі қалаларының бірі.

Бүгінде қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтуде. Мемлекет шетелдік инвесторларды құқықтық қорғау үшін барлық қажетті шараларды қарастырады. Осы орайда шетелдік компаниялардың қаламыздың дамуына үлес қосуы құпталады. Сондықтан бүгінгі кездесу сындарлы ынтымақтастықты дамытады және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындалады деп сенім бар.

Мұның алдында Шымкент пен Генуя қалалары арасындағы екі жақты келісім орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде қос тарапты өкілдердің қатысумен ресми кездесу өткен болатын.Маңызды кездесудің мақсаты екі мегаполис арасындағы мемлекеттік, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастық орнату. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған еді.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее