jasqazaq.kz

Шымкент: Аппарат жиынында өзекті мәселелер талқыланды

24 қыркүйек 2024, 14:17

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Цифрландыру, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия, Орта сапасы және бақылау басқармаларының сегіз айда атқарған жұмыстары талқыланды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов қала аумағындағы ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ұялы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен 35 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 33 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді. Ұялы оператор өз жоспарына сәйкес, 133 базалық станцияны 5G технологиясымен, 116 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім арқылы 47 базалық станция іске қосылды.

Қала әкімі сала басшысына жыл соңына дейін ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын арттыруда және компаниялар жұмысын үйлестіруде нақты тапсырма берді.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов аталған кезеңдегі жұмыстарды қорытты. Шаһар басшысы заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ескертті. Жылу маусымының қарсаңында тұрғын үйлердегі газ жабдықтарының қауіпсіздігін қамтуда шараларды күшейтіп, салғырттық танытқан жеке компанияларға заң аясында шара қолдануды тапсырды. Сонымен қатар газ техникалық инспекциясының жұмысын жүйелеп, жауапкершілігін арттыру міндеттелді. Сондай-ақ аппарат отырысында Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының жұмыстары да талқыланды. Қала әкімі жауаптыларға туризмді дамытуда жаңадан іске қосылған қонақ үйлердің, тамақтану орындарының да жұмысын үйлестіруде бірқатар тапсырма берілді.

Мегаполис басшысы аудан әкімдерінің жұмысын сынға алып, елді мекендердегі мәселелерді шұғыл, сапалы шешуде ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ әріптестерін қалаға жанашырлық таныта отырып, халыққа оңтайлы жағдай жасауға шақырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

27 сәуiр, 14:31
Реальный результат языковой политики в Созакском районе
27 сәуiр, 14:15
Туркестан: В Ордабасы запускаются новые инвестиционные проекты
27 сәуiр, 13:51
Туркестан: Вклад урановой компании в социально-экономическое развитие региона
25 сәуiр, 16:19
Туркестанская область укрепляет стратегическое сотрудничество с иностранными инвесторами
25 сәуiр, 16:05
Налажено сотрудничество по вопросам развития международного аэропорта в Туркестане
25 сәуiр, 15:58
Туркестан: На повестке дня - развитие сферы образования
25 сәуiр, 15:30
Поколение, которое читает книги: в Туркестане интерес к чтению растет
23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов