jasqazaq.kz

Шымкент: Аппарат мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды

20 тамыз 2024, 15:59

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Жиын барысында Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы және жобалық офистің жұмыстары қарастырылды.

Басқосуда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мереке қарсаңында ұйымдастырылатын шаралар туралы баяндады. 30 тамыз — Конституция күніне орай, Шымшаһардың бес ауданында жиырма іс-шара өткізу жоспарланған. Негізгі салтанатты жиындар «Нұрсәт» өнер мектебінде, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда, «Шымсити» саябағында, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда, Оқушылар сарайында және «Түркістан» сарайында өткізіледі. Осы Ғабит Сыздықбеков жауапты тұлғаларға бұл шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Жиында сөз алған қалалық қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы жайында есеп берді. Ол қаражаттардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, игерілмеуі мүмкін қаражаттарды қысқартып, тиімді салаға бағыттау туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтуін толық зерделеу қажеттігін атап өтті. Қала әкімі аудан және сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң бақылауды тапсырды.

Шаһар басшысы тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді жедел шешуді және қала тазалығын қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. Снымен бірге мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын да пысықтау қажеттігін атап өтті.
Тағы бір маңызды жаңалық — Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің соңғы кезеңі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба жас менеджерлер пулын қалыптастыруға және дарынды жастарды тартуға бағытталады.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жолында өзекті мәселелерін шешу үшін жоғары білікті мамандарды тарту, білімді де жігерлі жастардың қатарынан тиімді кадрлық резерв құру.
Жобаның заңнама білу, жеке қасиеттері мен құзыреттерін бағалау сынды алғашқы кезеңдерін сәтті тапсырған үміткерлер алғашқы кезеңде әңгімелесуден өтті. Іріктеудің алғашқы сатысы көрсеткендей, мемлекеттік қызметті нығайтуға едәуір үлес қосатын Президенттік жастар кадрлық резервіне өтуге Шымкент жастарының құлшынысы зор.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі