jasqazaq.kz

Шымкент: Антикор өкілдері тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен кездесті

18 сәуiр 2023, 15:54

Қалалық Антикор қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыну енгізді.

Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және әкімнің орынбасары Нұрсадық Ергешбек Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен жиын өткізді.

Аталған іс-шара барысында ипотекалық жеңілдетілген тұрғын үйді сату үшін ұйымдастырылған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдауға қолданылған бірқатар санкцияланбаған іс-әрекеттер жасау фактілері бойынша басқарманың жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыну қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп тексеру жүргізіліп, онда ақпараттық жүйеге түскен өтінімдерге заңсыз өзгерістер енгізу фактілері анықталған.

Сонымен қатар, өнім берушіні (авторды) таңдауы, сондай-ақ жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін негіздейтін құжаттар болмаған. Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Қалалық Антикор қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыну енгізді. Айта кетейік, биылғы жылдың үш айында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік органдарға ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде 10 ұсыну енгізіп, 60 тәртіптік шара қолданылған.

Еске сала кетейік, өткен жылы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 116 қылмыс, оның 23-і мәдениет саласында тіркелген. Қалалық Антикор өкілдерінің мәліметінше, мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады. Атап айтқанда мәдениет басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер бойынша алаяқтық, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ысырап ету және салғырттық фактілері бойынша енгізілген ҚПК-нің 200-бабы тәртібіндегі екі ұсыныс қаралды.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура