jasqazaq.kz

Шымкент: «Алтынсай» шаруа қожалығында жылына мың бас жылқы бордақыланады

26 маусым 2023, 11:58

Қазақ халқы үшін жылқы – төрт түлік малдың патшасы. Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы көшпелі халықтың бар керегіне жараған. Заман өте келе бұл төлге деген ерекше сүйіспеншілік пен қадірлеу әлі де сақталып келеді. Киелі жануардың еті, қазы-қарта, жал мен жаясы, қымызы дастархан төрінен орын алатыны белгілі. Бүгінде Шымкентте жылқы шаруашылығымен айналысып, қала халқына ет жеткізіп беретін «Алтынсай» шаруа қожалығы бар. Ауылшаруашылық саласын түрлі бағытын қолға алып отырған шаруа қожалықта бүгінде 1000 бас жылқы мен 40 мың бөдене бар.

«Алтынсай» шаруа қожалығы 2016 жылы құрылған екен. Алғашында ең алдымен 500 бас ірі қара мал бордақылаумен айналысыпты. Кейіннен жылқы етін бордақылауға қызығушылығы артқан шаруа ірі қарамен бірге жылқыны да өсіруді де қолға алыпты. Міне, қазірге келіп шаруа қожалықтың 1000 бас жылқы және 1000 бас ірі қара мал бордақылауға қауқары бар. Инвестордың өз қаражаты есебінен іске қосылған кәсіпкерлік нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. 5 гектар аумаққа орналасқан шаруа қожалықты салуға және малды көбейтуге 770 миллион қаражат жұмсалыпты. Аталған кәсіпкерге 84 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, нәтижесінде ішкі нарық жылқы етімен қамтамасыз етілуде.

Бұған қоса, қожалық бөдене шаруашылығын дамытуды да қолға алған. Бөдене құсының еті де жұмыртқасы да адам ағзасына өте пайдалы әрі түрлі ауруларға ем екені ежелден ақ белгілі. Қазіргі таңда шаруашылықта 40 мың бас бөдене бар. Мұнда өндірілген ет және жұмыртқа өнімі қаламызбен қатар еліміздің шет аймақтарына да шығарылып жатыр. Шаруашылық басшысы Сардар Қожахметовтың айтуынша осы жылы өндіріс қуаттылығын арттыра отырып, қосымша заман талабына сай мал сою алаңын құруды жоспарлап отырмыз, дейді шаруа.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі