jasqazaq.kz

Шымкент: Әл-Фарабиде 800-ден аса көпқабатты үй орталық жылуға қосылды

14 шiлде 2023, 12:12

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 857 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Аталған көп қабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша Қуатжылуорталық-3 мекемесімен бірлесе 2023-2024ж.ж арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Аталған іс-шараға сайкес, аппарат қызметкерлері аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісім-шартқа тұру маңызды екені ескертілуде.

Қазіргі таңда қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен –15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан – 3, спорт мекемелерінен – 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Басқарма тарапынан қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді шаһар басышысына баяндап, жылу желілерін ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды жүктемесін алды. М.Әйтенов: «Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды», – деген болатын.

Сондай-ақ, мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. Айта кетейік, жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары — Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды. Қазіргі сәтте өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау үстінде. Сондай-ақ, аудан әкімдері көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастырып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы жылу беру маусымында апатты жағдайларды болдырмау үшін атқарылып жатыр.

Мерей Әлімбек

24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания