jasqazaq.kz

Шымкент: Әл-Фараби ауданының инфрақұрылымы дамиды

01 тамыз 2024, 12:45

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласын дамыту ойдағыдай жүзеге асып жатыр.

Айталық, қаланың әр ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар қолға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен Әл Фараби ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жарты жылдық қорытындысына арналған брифингте айтылды.

Әл Фараб ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаевтың айтуынша, биыл аудан тұрғындарынан түскен ұсыныстарға назар аударылып, 70-ке тарта көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойыны мен спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн теңге қаржы бөлінген.

Ол: «Биыл жыл соңына дейін аудандағы балалар ойыны мен спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын 78,8 пайызға, ал 2025-26 жылы 100 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 жетті. Бүгінде аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Сонымен қатар, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Аудан қаланың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Аудан әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаларды іске асыру жұмыстары жалғасады»,-деді.

Биыл аудан әкімшілігі көшелер мен жолдағы қауіпсіздікті сақтап, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға аса мән беретіндерін де ерекше атап өтті. Осы мақсатта биыл ауданда 118 көшені жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынды. Жыл басынан бері аудандағы 242 көше жарықпен қамтылған. Ал аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды жарықпен қамту мәселесі толығымен шешіліпті.

Әл-Фараби ауданы бойынша ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 316 көшесі асфальт болса, 74 көшесін тас жолды құрайды. Жалпы, 2024 жылдың қортындысымен асфальтталған 366 көшемен 94%-ға жету жоспарда.

Ауданның жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда. Әл-Фараби ауданындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Алпамыс Өтепов: Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты