Шымкент әкімі жол жөндеу жұмыстарын тексерді

20 сәуiр 2024, 23:55

Еліміздің үшінші мегаполисі мәртебесін иеленген Шымкент жыл өткен сайын кеңейіп, көркейіп, инфрақүрылымы да сәйкесінше дамып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымшаһарға жұмыс сапарымен келгенде: «Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын», — деген болатын.
Сондықтан Президенттің өзі Жерұйыққа теңеген қаланы әрмен қарай көркейтіп, тұрғындарға қолайлы етуге ерекше мән беріледі. Айта кеткен жөн, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, өз бақылауында ұстайды.
Мәселен, осы аптаның соңында шаһар басшысы Абай, Қаратау аудандарын аралады. Әкім Бәйдібек би даңғылын кеңейту, жаңа тротуарлар төсеу, асфальттау жұмыстарын бақылап, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігерге учаске аумағынан жаңбыр, қар суын уақытылы бұру үшін дренаж жүйесіне назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан жол жиегіне көгалдарды төсеу, гүлдер отырғызу, суару жүйесін жүргізу қажеттігін пысықтады.
Одан кейін Ғабит Сыздықбеков ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ғимаратына барып, мекеменің материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстарымен танысты.
Кезекті айналма жолды қайта құрудың жетінші, сегізінші кезеңдерінің жөндеу жұмыстарын бақылады. А-2 автомобиль жолын, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Қонаев даңғылындағы жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігер мекеменің басшылығына жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтау бойынша бірқатар тапсырма берді.
Спорт шағын ауданынан дендросаябаққа дейінгі аралықтағы балалар теміржолының қазіргі жағдайын да барып көрді. Тұрғындар бұл нысанның біраз жылдан бері тоқтап тұрғаны жнінде талай рет мәселе көтергені мәлім. Бірақ тар табанды темір жол желісін қайта құру қыруар қаражатты қажет етеді. Өйткені қазір нарықта тар жолдарға арналған локомотивтер мен вагондар өндірілмейді. Сарапшылар мұндай композицияның тапсырысы көп уақытты алады, әрі тым қымбатқа түсетінін айтады. Оның үстіне, теміржолдың біраз бөлігі тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Жолдың екі жағынан тиісті қауіпсіздік арақашықтық сақталмағандықтан, бұл аумақтар адам өміріне қауіп төндіреді. Міне, осының бәрін жан-жақты зерделеп, Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаңа жаяу жүргіншілер жолын салудың тұжырымдамасын дайындауды тапсырды.
Жоба шеңберінде жүгіру және велосипед жолдарының ұзындығы ұлғайып, ағаштар отырғызылады, көгалдар төселеді, бірнеше воркаут алаңы салынады. Азаматтардың белсенді демалуына бағытталған бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.

Айдос Құсайынұлы

16 қантар, 12:30
Жастар жұмыссыздығының себебі неде?
10 қантар, 15:56
Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің
05 қантар, 14:12
Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?
03 қантар, 21:15
Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек
26 желтоқсан 2024, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан 2024, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан 2024, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан 2024, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан 2024, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?