Шымкент әкімі қаладағы жылу желілерінің жағдайын тексерді

24 сәуiр, 13:54

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент шаһары жылдан-жылға кеңейіп, көркейіп келеді. Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенті әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдағанда, қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту сияқты ауқымды шараларға қоса, қаланы дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Ал қаланы дамыту құрылыс саласынан бастап, инфрақұрылым, тіпті көше тазалығына дейінгі уақ көрінетін мәселелерді де қамтиды. Айта кету керек, әкім Ғабит Сыздықбеков қалада атқарылып жатқан жұмыстың бәрін жаяу аралап, өз көзімен көреді.

Міне, бүгін де ол қаланы тағы бір аралап шықты. Әкім алдымен жаңа әуежай терминалы мен теміржол вокзалының ғимаратына барды. Ондағы құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын өз көзімен көрді.

Одан кейін Тұран ауданында магистральдық жылу желісінің жағдайымен танысып, Әл-Фараби ауданында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмысын тексерді. Әкім жылу жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуіне жауапты тұлғаларға алдағы қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін жұмыстың сапасы мен мерзімін айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Өткенде жария етілген мағлұмат бойынша, Шымкент қаласында жылу құбырларының жалпы ұзындығы — 838,6 шақырым, ал тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Алып шаһарды 23 қазандық пен 17 сорғы стансасы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қазандықтардың орташа тозуы — 30,5 пайыз, сорғы станцияларының тозуы 41 пайыз. Былтыр 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіпті. Оған қоса, «Нұрсәт» нысанында жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй мен 464 бюджет мекемеесінің тұрғындары тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.

Ал биыл қала әкімінің тапсырмасы бойынша 30 шақырым жылу жүйесінде ағымдағы жөндеу, 4 нысанда құрылыс жұмысын жүргізу жоспарланып қойған. Оның екеуінде жылу қазандықтарын жаңғырту, екеуінде 7,2 шақырым жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Қазір қалада тұрғындарды жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және құбыр желісінің тозу деңгейін төмендету, сонымен бірге төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көктемгі-жазғы маусымда жоспарлы жөндеу және қайта құру жұмыстары жүріп жатыр.
Шаһардың жылу жүйесін пысықтап алғаннан кейін әкім кондитерлік өнім шығаратын Sweet ideas KZ ЖШС, минералды су және алкогольсіз сусындарын шығаратын «Визит» кәсіпорындарына да бас сұқты. Мұнда компания басшылығымен бірге өнім көлемі мен алдағы жоспарды талқылады.
Сонымен бірге қала басшысы «Нұрсәт» шағын ауданындағы аула мен көшелердің санитарлық жағдайын жаяу аралап көрді. Бұдан кейін аудан әкімі мен бөлім басшыларына көшелерді жарықтандыру және абаттандыруға қатысты нақты тапсырмалар беріп, олардың созбаққа салынбай, уақытында орындалуын тапсырды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:17
Түркістан полициясы оқушылардың қауіпсіздігіне мән береді
Бүгін, 14:42
Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды
Бүгін, 14:25
Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді
02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды