jasqazaq.kz

Шымкент әкімі ханымдарға құрмет көрсетті

07 наурыз 2024, 23:37

Бүгін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында түрлі салада еңбек етіп, мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген  әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі жазғандай, сый-құрметке бөленгендердің арасында мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен коммуналдық сала қызметкерлері бар.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан азаматтық қоғамды, Әділетті Қазақстанды, құқықтық мемлекетті құруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Аяулы аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағы, егемендігіміздің кепілі. Шымкенттің гүлденіп, көркеюінде және мерейінің үстем болуында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен қарымды үлестеріңіз орасан. Шұғылалы көктемнің күніндей көңілдеріңізден қуаныш пен шаттық, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін, — деді қала әкімі.

Мерекелік шарада қала әкімі Мемлекет басшысының арнайы құттықтауларын табыс етті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі