jasqazaq.kz

Шымкент: «Аймар құс» құс фабрикасы 72 миллион жұмыртқа өндіруге қауқарлы

29 тамыз 2023, 12:00

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру көзделген. Осы ретте Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы аясында қала халқының ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтыну қажеттілігін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарға қойылған.

Соның бірі — Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында жаңадан тағамдық жұмыртқа бағытындағы «Аймар құс» құс фабрикасы бой көтеруде. Аталған құс фабрикасының аумағы 28 гектар аумақта орналасқан.

— Бүгінгі таңда өңірімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барынша көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта несиеге қол жеткізген, екінші деңгейлі банктердің сүйемелдеуіне ие болған бизнес өкілдері аз емес. Біз үшін әрбір жобаның іске асырылуы маңызды. Ол біріншіден қала халқының әлаухаты мен экономикасының артуына мүмкіндік берсе, екіншіден салыққа қосымша қаржы құйылады. Біз кәсіп бастаймын, инвестиция әкелемін, жұмыс орнын ашамын деген кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада құрылып жатқан «Аймақ құс» фабрикасы өңірдегі бағаның тұрақтануына, азық-түлік тауарының қорын арттыруға өз септігін тигізеді деген сенімдемін, — дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
«Аймар құс» фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 миллиард теңгені құрайды. Жобаның бірінші кезеңінде серіктестік 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы құс фабрикасын құрып, жылдық қуаттылығы 72 миллион дана жұмыртқа өндірілу керек. Қазіргі таңда тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай және мекиен тауықтарға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, қосымша қора жай құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарға қойылған. Құс фабрикасына сатып алынған құрал жабдықтар сапалы, әрі Германияда құрастырылған. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орнын ашу көзделген. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры