jasqazaq.kz

Шымкент: Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі заңмен қорғалады

19 сәуiр 2024, 11:56

Елімізде білім мен денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік мәселелері, әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігі — басты назарда. Аталған мәселелер құзырлы органдар тарапынан назарға алынып, мәселелерді шешудің жолдары бір ізге қойылып келеді. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» және «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Шымкент қаласының мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынды қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізді.

Аталған жиынға кеңес мүшесі, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысты. Жиынның күн тәртібінде өзекті мәселелер талқыланып, назарға алынды.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасындағы» қалалық білім беру саласындағы «Инклюзия» бағытының дамуын жүзеге асырылуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге бағытталған зорлық-зомбылық бойынша қабылданған заңға түсіндірме жұмыстарымен және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Жиын барысында «Жол картасындағы» ққалалық білім беру саласындағы «Инклюзия» бағытының орындалуы барысы туралы баяндау үшін сөз Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау» орталығының директоры Жанна Өтесінованың баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі бойынша қабылданған заңға түсіндірме жұмыстары және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасы әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Жаңыл Спанова айтып берді.

Жаңыл Спанова өз сөзінде: «Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі заң аясында қорғалады. Құзырлы органдар тарапынан халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті.

Кеңес отырысына кеңес мүшелерімен қатар, мемлекеттік мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, партия филиалының жауапты қызметкерлері және партия белсенділері, кәсіподақ белсенділері қатысып, күн тәртібінде қаралған мәселелер талқыланды.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Шымкент қаласының мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметінен

01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство