jasqazaq.kz

Шымкент: Агроөнеркәсіп саласы тұрақты дамуда

18 қыркүйек 2025, 18:15

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек агроөнеркәсіп саласының дамуына тоқталды.
Шымкент қаласында агроөнеркәсіп кешені соңғы айларда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 29,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артты. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі мал шаруашылығына тиесілі – 23,1 млрд теңге.
Салада өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар бойынша 16 тауар өндірушіге 479 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде сүт өндірісі 4,8%-ға өсіп, 13,2 мың тоннадан асса, құс жұмыртқасы 18,3%-ға көбейіп, 4,5 млн данаға жетті. Қаладағы мал басы да тұрақты артып келеді: жылқы саны 3,7%-ға өсіп, 20,8 мыңға жетсе, құс саны 14%-ға артып, 1,2 млн басқа тіркелді.
Егін шаруашылығында да оң нәтижелер бар. Биыл 23 мың гектар алқапқа дақылдар егілді. Қолайсыз ауа райына қарамастан шаруалар 66 мың тоннаға жуық өнім жинап алды. Сондай-ақ қаладағы 100 гектар жылыжай кешендерінен жылына 15 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріледі. Биыл жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығына 863 млн теңге, мал шаруашылығына 1,1 млрд теңге қаржы бөлінді.
Инвестициялық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Қалада қуаттылығы жылына 8,5 мың тонна болатын екі тауарлы сүт фермасы мен көкөніс сақтау қоймалары салынып жатыр. Сонымен қатар, жылына 50 мың тоннаға дейін шұжық өндіретін ет өңдеу зауыттары іске қосылмақ. Түркия мен Польша компаниялары жалпы аумағы 800 гектарды қамтитын заманауи жылыжай жобаларын қолға алды.
Ветеринария саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Қызмет процестері электронды жүйелер арқылы цифрландырылып, малды бірдейлендіру мен ветеринариялық анықтамаларды беру автоматтандырылған. Ветеринар мамандар жаңа автокөліктермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жалақылары кезең-кезеңімен өсірілуде. Сонымен қатар, 2026–2027 жылдары 6 ветеринариялық бекет салу жоспарланған. Жалпы алғанда, Шымкенттің агроөнеркәсіп кешені өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа жобаларды іске асырып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету бағытында тұрақты дамып келеді.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции