jasqazaq.kz

Шымкент: «Адалдық — адамдық белгісі» атты семинар өтті

14 қараша 2024, 16:00

Шымкент қаласында жастар саясатын дамытуда қала жастарының белсенділігі күн санап артып келеді. Қалалық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Адалдық – адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтеді. Байқауға қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары, жалпы 92 жас қатысуғс ниет б ілдірді. .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қолдауымен, «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жастардың бойында адалдықты көтермелеу, дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылығын дамытуды мақсат етеді.

Іс-шараның ашылу рәсімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов жастарға сәттілік тілеп, сайыс жастардың бойында отансүйгіштікті қалыптастыруға өз септігін тигізетінін атап өтті.

«Байқаудың «Адалдық-адамдық белгісі» деп аталауының өзінде үлкен мән жатыр. Біз жастарға өз шығармашылығы арқылы қоғамдағы дертті, ондағы келеңсіздіктерді өз бетінше суреттеуге, оны қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік бердік. Олар тек сурет салып қана қоймай, сурет арқылы сыбайлас жемқорлықты қалай түсінеді, соны көрсетуі керек. Жастар – біздің болашағымыз. Ал біз болашағымызға жемқорлық сынды қоғам дертінен аулақ болуды насихаттағымыз келеді»,- деді Нұртөре Қалдыбаев.

Жастар арасында өткен қалалық сурет байқауы бірінші кезеңде және екінші топтық жас ерекшелікпен өтеді. Бірінші топ –14 пен 16 жас аралығы, екінші топ – 17 мен 21 жас аралығы. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы шығармалардың тақырыптарының ашылуына, түстер үйлесіміне, композициясына баса назар аударады. Қатысушылар 90 минут ішінде тақырыпқа сай сурет салады.

Биыл қалалық сурет байқауына қатысуға жалпы 13 мекемеден 127 өтінім келіп түскен. Байқаудың жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен, қала әкімінің дипломымен марапатталады. «Ең үздік авторлық шығарма», «Ең жас суретші» иегерлері де анықталмақ.
Алдағы уақытта «Адалдық- адамдық белгісі» атты байқау кеоер жылы да ұйымдастырылатын болады.

JQ-Aqparat
Сурет;: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс