jasqazaq.kz

Шымкент: «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

10 қазан 2024, 14:10

Еліміздің бүкіл мектептерінде өткізілетін «Абай оқулары» байқауы қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеп, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздейді. Күні кеше Шымкент қаласындағы «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінде «Абай оқулары» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Жас буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттырып, дарынды оқушыларды және ұстаздарды қолдауға бағытталған байқауға биыл бас-аяғы жалпы 245 665 оқушы қатысыпты.

Шымкент қаласы білім басқармасы қала әкімдігінің қолдауымен 1-10 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауын өткізген болатын. Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақынның поэзиясын, рухани мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға жалпы 245 665 оқушы қатысты. Байқау сыныпішілік, мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдерді қамтыды.

Іс-шарада қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздарын құттықтап, қаржылай сыйлықтарын табыс етті. Сәрсен Құранбек Абайды оқыған бала нағыз патриот болып өсетінін, аталған байқауды кеңірек насихаттау керек екенін айтты. Алдағы уақытта балаларды байқауға көбірек қатыстыру басты назарда болуы тиіс.

Айта кетейік, бұл жолғы білім бәйгесіне «Al-Farabi Bilim» және «FinBridge International School» мектептерінің бас құрылтайшысы Есбол Қамбаров демеушілік етті. Есбол Әуесбекұлының демеушілігімен жеңімпаз оқушылар мен олардың ұстаздары қаржылай сертификаттарға ие болды.
Қала әкімінің орынбасары дарынды жастарға қолдау көрсеткен азаматқа алғысын жеткізді.

Байқауда бағын сынаған оқушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасының шешімімен 21 оқушы қалалық кезеңнің жеңімпазы атанды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі