jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданында абаттандыру мен көгалдандыру қарқынды

19 қыркүйек 2025, 19:36

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлының қатысуымен брифинг өтіп, осы аудандағы атқарылған жұмыстар жайында жан-жақты мағлұмат берілді.
Аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалар іске асуда. Оның ішінде 16 ойын алаңшасы, 3 спорт алаңшасы, 5 гүлзар салынып, 34 мың шаршы метр аяқжол төселді.
Көгалдандыру да басты назарда. Бүгінгі таңда аудан аумағында 5 жаңа гүлзар салынып, олардың кейбірі пайдалануға берілді. Сонымен бірге «Асар» шағын ауданында тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылуда. Бұл жұмыстар экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік бермек.
Абай ауданында жыл басынан бері 37 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 30 мыңнан астам адам қатысты. Қоғамдық жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда.
Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуі үшін 63 ескі ойын алаңшасының 45-і жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Сондай-ақ бұл ауданда жарықтандыру мен жылу жүйесі де басты назарда.
Абай ауданында тұрғындардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде. 2024 жылға дейін аудан көшелерінің тек 15 пайызы ғана жарықтандырылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш түбегейлі өзгерді. Бүгінде 954 көше жарықтандырылып, жыл соңына дейін барлық көшелерге жарық шамдары орнатылады. Бұл қала әкімінің тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан маңызды бастамалардың бірі.
Жылу маусымына дайындық та жүйелі жүргізілуде. Аудан аумағындағы 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы қысқы маусымға әзір. «ҚуатжылуОрталық» мекемесі арқылы орталық жылу жүйесіне қосылған үйлерге толықтай сығымдау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйымның жылу жүйелері дайын.
Аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында аулалар мен арықтардың жиектерін қоршау, көпірлер салу, аяқжолдарды ретке келтіру жұмыстары да атқарылып келеді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции