jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданында 86 көше жарықтандырылады

23 мамыр 2024, 14:38

Шымкенттің Абай ауданындағы 27 елді мекенде жеке сектордағы 55 159 үй және 205 көп қабатты тұрғын үй бар. Маудандағы тұрғын саны 257,7 мыңнан асады. 1274 көше және 230 әлеуметтік нысаны бар. Үлкен мегаполистің ауқымды бір бөлігі ретінде бұл ауданның шаһар дамуында қосатын өзіндік үлесі бар. Қаладағы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов биылғы жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерге тоқталды.

Әкімнің баяндамасында айтылғандай, аудан тұрғындары сапалы ауыз су және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған.
Бүгінде Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс биылғы жылдың 2 тоқсанында аяқталуы тиіс. Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен қамтылған, яғни 85,2 пайызды құрайды. 4 елді мекенге әзірге көгілдір отын жеткен жоқ.

Үш елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары Қайнарбұлақ тұрғын алабында 70 пайыз, Қайнарбұлақ саяжайында 50 пайыз, ал Ынтымақ-2 шағын ауданында 56 пайыз аяқталған.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланды.

27 елді мекеннің 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.

2023 жылдан бері 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
— Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
— Асар-2 шағын ауданында құрылыс жұмыстары басталып, сот шешіміне сәйкес тоқталған.
— Бозарық шағын ауданындағы 74 гектардағы көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
— Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов коллектор құрылысы жүргізілуде. Ол биыл аяқталады.
— Ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ол да биыл аяқталуы тиіс.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн теңге қаржы қаралды.
2022 жылға дейін Абай ауданындағы 29 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетсе, бүгінде қамту көрсеткіші 15,3 пайызды құрап отыр.

Көрсеткішті арттыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Қамту көрсетікші 15,1 пайызға жетті.

Сонымен бірге, тұрғындардың өз есебінен жарық шамдар орнатып, 17 көше жарық жүйесіне қосылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін