jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданында 6 «жайлы мектеп» салынады

06 сәуiр 2023, 10:49

Абай ауданында инфрақұрылым мәселелері 2024 жылы толығымен шешіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлімдеді. 2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ т.а Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

— Абай ауданының аумағы 24 мың гектарды алып жатыр. Ауданға қарасты 27 шағынаудан мен елді мекенде 257,7 мың тұрғын бар. Аудандағы 27 елді мекеннің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 92,2% құрап отыр. Ал, 92,5 пайызы сапалы электр көзімен қамтылған. Сондай-ақ, 20 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін 3 елді мекенді, яғни Асар-2, Қайнарбұлақ, Нұршуақ тұрғын алаптарын табиғи газбен қамту жоспарланған. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендеріне газ құбыры жүргізіліп, қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді,- деді аудан әкімі.

Б.Пармановтың айтуынша, аудан аумағында су басу қауіпі бар 61 орын анықталған. Аталған су басу орындары бойынша 2022 жылы 7 мекенжайға жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйе жүргізілген. Ал, 5 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланған. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын 9 көшеге ирригациялық жүйе жүргізу үшін қосымша бюджеттік өтінім берілген.

Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Абай ауданында 6 мектептің құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде мектеп тапшылығын жойып, балалардың сапалы білім алуына септігін тигізбек. Өткен жылы Абай ауданындағы көшелерді 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жетті. Биылғы жылы көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарланды. Қамту көрсетікші 13,6 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 410-ға жететін болады.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде