jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданында 10-ға жуық мектеп салынады

22 мамыр 2023, 19:04

Қазіргі таңда аудан аумағында 29 мектеп бар.

Шымкент қаласы Абай ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 29 мектеп бар. Оның ішінде 16-сы жекеменшік. Аудан мектептеріндегі орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарланып отыр. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.

Атап айтқанда:
1. Нұршуақ шағынауданында 2000 орындық мектеп;
2. Нұршуақ шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
3. Жаңатұрлан шағынауданында 1200 орындық мектеп;
4. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
Ал, 2024-2025 жылдары:
5. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп;
6. Шымкент Сити шағын ауданында 2000 орындық мектеп; 7. Достық шағын ауданында 2000 орындық мектеп салынады.

Сондай-ақ, Абай ауданы аумағында 2023 — 2024 жылдары денсаулық сақтау нысандардары да салынады. Оның ішінде, Ынтымақ шағын ауданында №14 емдеу орталығының филиалы болса, Қайнар бұлақ саяжайы және Қайнар бұлақ тұрғын алабына жеке инвестор есебінен 2024 жылы емхана салу үшін жер телімі қарастырылуда.

Одан бөлек, 2023-2024 жылдар аралығында аудан аумағын тағы төрт нысанмен толықтыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Шымсити» шағын ауданындағы «Конгресс холл», Көкбұлақ тұрғын алабыдағы «Көкбұлақ» мәдениет үйі, Қайнарбұлақ тұрғын алабының мәдениет үйі және Асар-2 шағын ауданында мәдениет үйін салу үшін жер телімі қарастырылуда. Бүгінгі таңда Абай ауданына қарасты 6 мәдени нысан бар.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 18 алаңша салынады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жобалардың жалпы құны 497,5 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе мөлтек аудандарында 15 әмбебап спорт алаңшасы, Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 3 спорт алаңшалары салынады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі