jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданы биыл 22 жобаны жүзеге асырады

02 тамыз 2024, 10:55

Еліміздегі ең ірі мегаполистің бірі — Шымкент қаласы күннен күнге ажарланып келеді. Бүгінде қалада инфрақұрылмды дамыту, көшелерді жарықтандыру, демалыс орындарын абаттандыру, көшелерге асфальт төсеу сынды жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қаладағы Абай ауданы да тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін бірқатар жұмыстарды іске асыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова баяндады.

Оның айтуынша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл ауданда жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500 млн теңге қаржы қаралған. Былтыр ауданда халық қатысатын бюджет аясында 376,5 млн теңгеге 13 жоба іске асырылыпты. Оның ішінде: 10 – балалар алаңшасы (Бозарық, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ) пайдалануға берілген. Ал 3 – спорт алаңша (Асар, Достық, Қайнарбұлақ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Биыл 491,2 млн теңгеге 22 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасы.

«Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданында 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ. Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі. Ал, аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды»,- деді Гүлнұр Асылбекова.

Асфальт мәселесі 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шақырым асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен толықтай қамтылған. Аудандағы 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70 пайыз, Қайнарбұлақ саяжайы-50 пайыз, Ынтымақ-2 шағын ауданы – 56 пайыз құрылысы аяқталған. Ауданды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
30 сәуiр, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды